АЙНҰР ИЗАТҚЫЗЫ АЙБУЛЬДИНОВА

АЙНҰР ИЗАТҚЫЗЫ АЙБУЛЬДИНОВА

Оқу-әдістемелік бөлімінің тренер-әдіскері

1985 жылы туған. 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Физика және информатика» мамандығы бойынша, 2020 жылы Инновациялық Еуразия университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі - экономика және басқару магистрі.

Еңбек жолын 2008-2015 жылдары Павлодар облысының «Ertis» жоғары аграрлық-техникалық колледжінде оқытушыдан бастап директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарына дейін жалғастырды.

2015 жылдан 2021 жылға дейін, 2022 жылдан 2023 жылға дейін ҚР Оқу ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ (Кәсіпқор) Педагогикалық шеберлік орталығының бас тренері болып қызмет атқарды.

2021-2022 жылдары ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ біліктілікті арттыру әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы болып қызмет атқарды.

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инженер-педагог қызметкерлерінің және оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілігін арттырудың деңгейлік моделінің тұжырымдамасы» жобасының;

- Модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру;

- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын оқыту процесіне критериалды бағалау әдістерін енгізу;

- Модульдік-құзыреттілік тәсіл жағдайында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін жобалау;

- Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері

- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын басқару тақырыптары бойынша білім беру бағдарламалары бойынша курстық оқытуда пайдалану үшін оқу-әдістемелік кешендердің (біліктілікті арттыру курстарының бағдарламалары, тренер мен тыңдаушыға арналған нұсқаулық) әзірлеушісі болып табылады.

2023 жылдың ақпан айынан бастап «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының оқу-әдістемелік бөлімінің тренер-әдіскері болып жұмыс істейді.