ГАУХАР ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ АРЫНОВА

ГАУХАР ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ АРЫНОВА

Бас бухгалтер

1962 жылы туған. 2000 жылы «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша Семей қаржы-экономикалық техникумын бітірген. 1987 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Өзінің еңбек жолын 1981 жылдан бастаған. 1981 жылдан 1988 жылға дейін әртүрлі қызметтерде жұмыс істеген, оның ішінде Қызылорда облысының Қаржы бөлімінің бухгалтері, аға бухгалтер-ревизоры, аға бухгалтер-бюджеттік мекемелері бойынша сарапшысы. 1988-1996 жж. Қызылорда облысының Қаржы басқармасының Қаржы органдары мен бюджет бойынша бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің аға салық тексерушісі-инспекторы, бас бухгалтерінің орынбасары, бас бухгалтері, бөлім бастығы-бас бухгалтері болып жұмыс істеген. 1996-1998 жылдары Қызылорда облысы бойынша Республикалық бюджеттік банк басқармасының бастығы. 1998-2000 жылдары Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасы бастығының орынбасары, банктік операциялар жөніндегі бастығының орынбасары. 2000-2013 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазынашылық басқармасы бастығының орынбасары. 2013-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары. 2015-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі-бас бухгалтері. 2017-2021 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының аудиторы, бас консультанты болып жұмыс істеген. 2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы» ЖММ бас бухгалтері қызметін атқарады.