
АСИМА БАЛТАБЕКҚЫЗЫ ЖАКУБАЛДИНА
1990 жылы туған. 2012 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша магистратурасын (әлеуметтік ғылымдар магистрі) аяқтаған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Нұр Отан» ХДП Ақсу қалалық филиалында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жастар практикасы бойынша кеңесші болып бастаған. Содан кейін «Нұр Отан» ХДП Ақсу қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, «Нұр Отан» ХДП Ақсу қалалық филиалының консультанты, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының персоналды басқару жөніндегі консультанты қызметтерін атқарған. 2018 жылдың шілде айында «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылы мемлекеттік қызметке қабылданып, Павлодар облысы әкімі аппаратының Хаттамалық-ұйымдастырушылық және аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Павлодар облысы әкімі аппаратының Хаттамалық-ұйымдастырушылық және аумақтық жұмыс бөлімі басшысының м.а. қызметтерін атқарған. 2020 жылдан бастап жеке секторда жұмыс істеген.
2023 жылдың қаңтар айынан бері «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы» ЖММ-нің Оқытуды ұйымдастыру және жобалар бөлімінің консультанты болып жұмыс істейді.