
ДИЛЬНАРА СЕЙІЛҚЫЗЫ БАЛАБАЕВА
1982 жылы туған. 2001 жылы Ақмола Қаржы-экономикалық колледжін «Бюджет және бюджеттік есеп» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және бизнес институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жалпы бөлімінің маманы болып бастаған.
2002-2005 жылдары ҚР Бас прокуратурасының «Ақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында қаржыгер, сондай-ақ Кадр бөлімінің аға инспекторы лауазымдары бойынша жұмыс істеген.
2005 жылдан бастап 2011 жылға дейін «Лифтмонтажсервис» жеке меншік мекемесінде Кадр бөлімінің аға инспекторы болып жұмыс істеген.
2011-2013 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығында Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму басқармасының жетекші маманы болып қызмет атқарған.
2013 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-да Заң басқармасының бас маманы болып жұмыс істеген.
2014 жылы «Атамекен» ҰКП Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Экономикалық бөлімнің I-ші санаттағы сарапшысы болып қызмет атқарған.
2014 жылдың қыркүйегінен бастап 2016 жылға дейін «Атамекен» ҰКП Ақмола облысы бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына ауысып, Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы лауазымы бойынша жұмыс істеген.
2016-2017 жылдары Павлодар қаласы «VTK Operating» жеке меншік мекемесінде (Шығыс отын компаниясы) кәсіпорын директоры қызметін атқарған.
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Құзыреттер орталығы» ЖШС-те шарттық жұмыс бойынша үйлестіруші лауазымында жұмыс істеген.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясында Оқытуды ұйымдастыру мен жобалар бөлімінің консультанты болып қызмет атқарады.