
НАЙЛА БЕГІМБЕКҚЫЗЫ МҰХАТАЕВА
1979 жылы туған. 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін «Қаржы бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облыстық адвокаттар алқасында адвокаттың тағылымдамадан өтушісі болып бастаған. 2002-2013 жылдары әртүрлі қызметтерді атқарған, соның ішінде Қарағанды облысы Әділет департаментінде Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы, Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы, Жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің бас маманы. 2013 жылдан 2019 жылға дейін «Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында заңгер болып жұмыс істеген.
2019 жылдан 2022 жылға дейін «ИнфоСофтПром» ЖШС-тің жетекші заңгері болып қызмет атқарған. 2022 жылдың маусым айынан бастап «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы» жеке меншік мекемесінің заң кеңесшісі-кадр қызметкері болып тағайындалды.