
ДАНИЯР ЕРЛАНҰЛЫ МҰҚИТАНОВ
1989 жылы туған. 2010 жылы КИМЭП университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша (бакалавр) бітірген. 2013 жылы – Хангук шет тілдер университетінің (Hankuk University of Foreign Studies) магистратурасын «Халықаралық даму» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылы Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінің (University of Sheffield) көшбасшылық және менеджмент саласындағы магистратура бағдарламасын бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы бастаған. 2010-2013 жылдар аралығында ҚР Экология министрлігінің халықаралық жобалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында жұмыс істеген. 2014 жылдан 2015 жылға дейін «Талап» холдингі» КеАҚ-да, кейін APEC Petrotechnic (Атырау) Жоғары колледжінде оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеген. 2016 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстандағы Британ кеңесінің (British Council) білім беру және әлеуметтік бағдарламаларына басшылық етті. 2021-2022 жж. «Халықаралық бағдарламалар орталығы»
АҚ-ның вице-президенті болып жұмыс істеп, онда стратегиялық даму, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен және түлектерімен жұмыс, конкурстық рәсімдер, қоғаммен байланыс мәселелеріне жетекшілік еткен.
2022 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы» жеке меншік мекемесінің директоры қызметін атқарады.
«Қазақстандағы Чивнинг түлектерінің бірлестігі» ҚБ-ның тең құрылтайшысы және төрағасы, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады.