
НҮКЕЖАНОВА САМАЛ САМАТҚЫЗЫ
1984 жылы туған. 2005 жылы «Work and travel» бағдарламасы бойынша студенттердің алмасу бағдарламасына қатысушы (Вирджиния, АҚШ). 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірді. 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдады. 2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің журналистика және саясаттану факультетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша PhD докторантурасын бітірді. Өзінің еңбек жолын 2006 жылы «Продвижение» қоғамдық қорының жобалық үйлестірушісі болып бастады. 2007-2018 жылдар аралығында түрлі лауазымдарда, оның ішінде «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің маманы, саяси жұмыс бөлімінің, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының Саяси жұмыс департаментінің партияішілік идеологиялық жұмыс бөлімінің консультанты болып қызмет атқарды. 2018-2023 жылдары «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент академиясы» ЖММ Партиялық оқу бөлімінің консультанты, «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы» ЖММ Оқуды ұйымдастыру және жобалар бөлімінің консультанты болып жұмыс істеді. 2020 жылы партияішілік праймеризге қатысты. 2023 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы» ЖММ Оқу-әдістемелік бөлімінің жаттықтырушы-әдіскері лауазымында жұмыс істейді. 2008 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі (партиялық билеттің № 0000663).