«Tomiris» жобасы: 2023 жылға өтінімдерді қабылдау басталды

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы көшбасшы әйелдерге арналған бағдарлама бойынша оқуға үміткерлерді іріктеуге конкурс жариялайды. Оқыту әртүрлі деңгейлерде басшылық лауазымдарға тағайындалуға немесе сайлануға көмектесетін дағдыларды, білім мен құзыреттерді дамытуға бағытталған. Астана қаласында өтетін, көшбасшылық, шешендік өнер, саясаттағы гендерлік мәселелер, Қазақстанның саясаты мен трансформациясы, көпшілік алдында сөйлеу, әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізу және басқа да тақырыптар бойынша модульдерді қамтитын қарқынды 5 күндік оқыту бағдарламасынан өту үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен 30 қатысушы іріктелетін болады. Бағдарламада Қазақстан мен Германияның көрнекті саяси қайраткерлерімен кездесулер өткізу қарастырылған. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар өз өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған саяси жобаларды әзірлеп, қолданысқа енгізеді. Барлық қатысушыларға көлік және Астана қаласында тұру шығындары өтеледі.

Басшылық, ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі немесе әлеуметтік-экономикалық және саяси жобаларды іске асыру бойынша тәжірибесі бар, кәсіби іскерлік қасиеттері, көшбасшылық әлеуеті жоғары адамдар, қоғамдық пікір көшбасшылары, ҮЕҰ басшылары, қоғам белсенділері, жастар көшбасшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, төраға орынбасарлары мен белсенді мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының партиялық кадр резервіне алынған адамдар, «AMANAT» партиясының қызметкерлері қатыса алады.

Осы оқыту іс-шарасына қатысу арқылы сіз:

  1. Өзіңіздің саяси мансабыңызға көмектесетін дағдылар мен білімді;
  2. Астана қаласындағы және өзге өңірлерден келген басқа көшбасшы әйелдермен жаңа таныстықты;
  3. Пайдалы саяси жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін аласыз. Іріктеуге 2 жылдық жұмыс өтілі бар, өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін барлық құжаттарды толығымен ұсынған әйел адамдар жіберіледі.

Қатысқысы келетін тұлғаларға:

  1. Мына сілтеме арқылы өтіп, онлайн форманы толтыру: https://forms.gle/EfqrV1QtwcGTHyPQ9
  2. Мынадай құжаттарды хаттың тақырыбына «Томирис» деп жазып, info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық поштасына жіберу қажет:
    a) жеке куәліктің көшірмесі; b) мотивациялық хат (500 сөзден аспайды); c) түйіндеме/CV; d) Партия төрағасының/партияның атқарушы хатшысының/партия хатшысының/партияның Орталық аппараты басшысының/партияның аймақтық/аумақтық филиалының атқарушы хатшысының/Бастауыш партия ұйымы төрағасының/«AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының/ саяси мемлекеттік қызметшілердің қолы қойылған еркін нысандағы ұсынымхат.

Қатысушыларды іріктеуді түйіндемені, мотивациялық хаттарды және онлайн сұхбаттасуды бағалау қорытындысы бойынша тәуелсіз қазылар алқасы жүргізеді.

Іріктеу критерийлері: мансаптық жетістіктері, көшбасшылық әлеуеті, оқуға деген ынта-жігері.

Оқыту жобасы ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының «Томирис» әйелдер саяси көшбасшылығын дамыту бағдарламасы аясында іске асырылады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2023 жылғы 15 маусым мен 15 шілде (Астана қаласының уақытымен сағат 18:30-ға дейін) аралығы.

еmail: info@apm.amanatpartiasy.kz,

онлайн сауалнамаға сілтеме: https://forms.gle/EfqrV1QtwcGTHyPQ9

таңдау ережелеріне сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/17xA0gspq25J7d1R0S3NJL62HYgsjNzuD?usp=sharing

қосымша ақпарат: +7 (7172) 70-76-21