«АМАНАТ» партиясының Саяси менеджмент академиясы келесі бағыттар бойынша лекторлар мен тренерлерге конкурс жариялайды
«АМАНАТ» партиясының Саяси менеджмент академиясы келесі бағыттар бойынша лекторлар мен тренерлерге конкурс жариялайды:
- Әлеуметтік желілерде жұмыс істеудің заманауи тәсілдері. Селфбрендинг. Әлеуметтік желілер психологиясы. Ақпараттық кеңістікте жобаны ілгерілету. Жеке медиа-жоспар құру.
- Жобаларды басқару. Әлеуметтік саладағы, волонтерлік пен әлеуметтік кәсіпкерліктегі жобалар. Жоспарлау. Тәуекелдерді шешу. Команда құру. SWOT талдау.
Іріктеуге бакалавр дәрежесі немесе маман дипломы бар, оқыту іс-шараларын өткізуде кемінде екі жыл тәжірибесі бар және өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін құжаттардың толық топтамасын өткізген лекторлар мен тренерлер жіберіледі.
Мүдделі лекторлар мен тренерлер өз өтінімдерін info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық поштасына жібереді.
Ұсынылуы тиіс құжаттардың тізбесі:
1) тренердің түйіндемесі;
2) бір ұсыну хаты (бар болса);
3) жұмыс өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы немесе т.б.);
4) бакалавр немесе ғылыми дәрежесі бар маман дипломы;
5) оқыту фрагментінің бейнежазбасына (15 МБ-тан аспайтын) сілтеме (бар болса);
6) әлеуметтік желілердегі аккаунттарына сілтеме (бар болса);
7) 1 (бір) сағаттық оқу бағасы бойынша коммерциялық ұсыныс.
Құжаттарды тапсыру мерзімі 21 қараша, Астана уақытымен 18:30-ға дейін. Іріктелген тренерлер мен лекторлар Академияның білім беру іс-шараларында оқыту қызметтерін көрсетуге тартылатын болады.
Электрондық пошта: info@apm.amanatpartiasy.kz
Байланыс телефоны: 8 (701) 45-55-383 Әлия Тілекқызы Жанкарина