
«АМАНАТ» партиясының Саяси менеджмент академиясы лекторлар мен тренерлерді іріктеу бойынша конкурс жариялайды
«АМАНАТ» партиясының Саяси менеджмент академиясы келесі бағыттарға сәйкес лекторлар мен тренерлерді іріктеу бойынша конкурс жариялайды:
Көпшілік алдында сөйлеу
Қиын аудиториямен жұмыс істеу техникасы
Жанжалтану. Басқару стратегиясы және жанжалдарды трансформациялау
Дағдарыстық коммуникациялар және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары
Әлеуметтік желі технологиялары. Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу.
Үміткерлер мынадай талаптарға сай болуы керек:
Бакалавр дәрежесінің немесе маман дипломының және (немесе) магистр және (немесе) философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы;
Оқыту іс-шараларын өткізуде кемінде 2 (екі) жыл тәжірибесінің болуы. Қызығушылық танытқан үміткерлер өз өтінімдерін info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық поштасына жолдауы қажет. Өтінімде ұсынылуы қажет құжаттардың тізімі:
1) тренердің түйіндемесі;
2) бакалавр немесе ғылыми дәрежесі бар маман дипломы;
3) жұмыс өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы немесе т.б.);
4) оқыту фрагменті келтірілген бейнежазбаға сілтеме (бар болса), 15 МБ-тан аспауы тиіс;
5) бір ұсыныс хат (бар болса);
6) әлеуметтік желілердегі аккаунттарына (бар болса) сілтеме;
7) 1 (бір) сағаттық оқыту бағасы көрсетілген коммерциялық ұсыныс.
Келесі қосымша құжаттардың болуы бағалау кезінде артықшылық болып табылады:
1) философия докторы (PhD) немесе магистр академиялық дәрежесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) шетелдік жоғары оқу орны дипломының көшірмесі;
3) бейіні бойынша халықаралық сертификаттардың көшірмелері.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 12 сәуір, Астана қаласының уақытымен сағат 18:30-ға дейін. Іріктеу конкурсынан өткен тренерлер мен лекторлар Академияның білім беру іс-шараларында оқыту қызметтерін көрсетуге тартылатын болады.
Байланыс телефоны: 8 (701) 45-55-383, Әлия Тілекқызы Жанкарина