2023 жылғы 7-11 оқытуға хабарландыру

«АМАНАТ» партиясының Саяси менеджмент академиясы келесі бағыттарға сәйкес лекторлар мен тренерлерді іріктеу бойынша конкурс жариялайды:

  1. Үгіт-насихат науқанын жүргізу:
  • үміткердің бейнесін және оның PR стратегиясын құру;
  • коммуникация жоспарын құру. Аудиторияны талдау және санаттар бойынша бөлу мен басымдығына қарай ажырату. Негізгі аудиториялар үшін месседждер әзірлеу;
  • үгіт-насихат үшін ресурстарды талдау, оларды тиімді бөлу;
  • үгіт-насихат жоспарын әзірлеу.
    1. Саясаткердің беделін басқару:
  • жеке бренд құру және беделді басқару;
  • үміткердің әлсіз тұстарын талдау, олар бойынша ақпараттық дайындамалар жасау;
  • қатысушылардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарын талдау;
  • әлеуметтік желілерде жұмыс істеу – негізгі трендтер, құралдар.
    1. Дағдарыстық және жанжалды жағдайларға жауап қату алгоритмі.

Үміткерлер мынадай талаптарға сай болуы керек:

  • бакалавр дәрежесінің немесе маман дипломының және (немесе) магистр және (немесе) философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы;
  • оқыту іс-шараларын өткізуде кемінде 2 (екі) жыл тәжірибесінің болуы. Қызығушылық танытқан үміткерлер өз өтінімдерін info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық поштасына жолдауы қажет. Өтінімде ұсынылуы қажет құжаттардың тізімі:

1) тренердің түйіндемесі;

2) бакалавр немесе ғылыми дәрежесі бар маман дипломы;

3) жұмыс өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы немесе т.б.);

4) оқыту фрагменті келтірілген бейнежазбаға сілтеме (бар болса), 15 МБ-тан аспауы тиіс;

5) бір ұсыныс хат (бар болса);

6) әлеуметтік желілердегі аккаунттарына (бар болса) сілтеме;

7) 1 (бір) сағаттық оқыту бағасы көрсетілген коммерциялық ұсыныс.

Келесі қосымша құжаттардың болуы бағалау кезінде артықшылық болып табылады:

  • философия докторы (PhD) немесе магистр академиялық дәрежесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • шетелдік жоғары оқу орны дипломының көшірмесі;
  • бейіні бойынша халықаралық сертификаттардың көшірмелері.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 03 тамыз, Астана қаласының уақытымен сағат 18:30-ға дейін. Іріктеу конкурсынан өткен тренерлер мен лекторлар Академияның білім беру іс-шараларында оқыту қызметтерін көрсетуге тартылатын болады.

Байланыс телефоны: 8 (701) 45-55-383, Әлия Тілекқызы Жанкарина