Хабарландыру

«AMANAT» партиясы үшін жаңа жас саясаткерлерді даярлау мақсатында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы «Жас саясаткер мектебі» бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлерді іріктеуге конкурс жариялайды. Оқыту жас саясаткерлерге өз мансабын дамытуға және Әділетті Қазақстанды құруға көмектесетін дағдыларды, білім мен құзыреттерді дамытуға бағытталған. Астана қаласында қарқынды 5 күндік оқыту бағдарламасынан өту үшін Қазақстанның өңірлерінен 50 қатысушы іріктелетін болады, бағдарлама көшбасшылық, саясат, Қазақстанды трансформациялау, эмоционалдық интеллект, жобаларды басқару, келіссөздер, көпшілік алдында сөйлеу және басқа да тақырыптар бойынша модульдерді қамтитын болады. Оның ішінде – 20 адам «Жастар Рухы» жастар қанатынан, 30 адам – ашық конкурс арқылы іріктеледі.
Бағдарламада Қазақстанның жетекші саяси қайраткерлерімен кездесулер қарастырылған. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар өз өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған «Жастар Рухы» қызметі шеңберінде жаңа жобаларды әзірлейді және қолданысқа енгізеді. Барлық қатысушыларға Астана қаласында көлік және тұру шығындары өтелетін болады.

Бұл бағдарлама кімдерге арналған:

  1. Мәслихаттардың жас депутаттарына
  2. Жастар белсенділері мен ҮЕҰ-ның басшыларына
  3. Қоғамдық пікір көшбасшыларына
  4. «AMANAT» партиясының қызметкерлеріне Бағдарламаға қатысу бойынша жасқа қатысты шектеу – 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 35 жасқа дейін.

Сіздер оқыту бағдарламасына қатысу арқылы:

  1. «AMANAT» партиясындағы саяси мансабыңызға көмектесетін дағдылар мен білімді меңгересіздер
  2. Астана қаласындағы және басқа да өңірлерден келген жас көшбасшылармен жаңа таныстыққа
  3. Пайдалы саяси жобаларды іске асыру мүмкіндігіне ие боласыздар

Іріктеуге басшының жұмыс тәжірибесі немесе жобаларды іске асыру тәжірибесі бар, өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін құжаттардың толық пакетін ұсынған 35 жасқа дейінгі адамдар жіберіледі. Бағдарламаға қатысуға ниетті адамдар

  1. https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScFW9AMUOpdelZQ2OOufveADKnI_p6tZkghuYvKB8qHbxTUdA/viewform?usp=sharing сілтемесі бойынша онлайн форманы толтыруы керек;
  2. Хаттың тақырыбына «ЖСМ» деп көрсетіп, электрондық пошта (info@apm.amanatpartiasy.kz) арқылы құжаттарды жіберуі қажет, құжаттар топтамасына мыналар кіруі тиіс: a) Жеке куәліктің көшірмесі; b) Мотивациялық хат (500 сөзден аспайтын); c) Түйіндеме/CV; d) Тікелей басшысының/«AMANAT» партиясының аймақтық немесе аумақтық филиалы, құрылымдық бөлімшесі, ведомстволық бағынысты ұйымы немесе бастауыш партия ұйымы басшысының/ Мәжіліс немесе кез келген деңгейдегі мәслихат депутатының/«Жастар Рухы» жастар қанаты филиалы төрағасының қолы қойылған еркін нысандағы бір ұсыным хат.

Қатысушыларды іріктеуді құзыретті қазылар алқасы екі кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізеді, 1-кезең - түйіндемені, мотивациялық хаттарды бағалау және 2-кезең - конкурс финалистерімен онлайн-әңгімелесу. Іріктеу критерийлері: мансаптық жетістіктері, көшбасшылық әлеуеті, оқуға деген ынтасы (мотивациясы).

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2022 жылғы 17 қазаннан бастап 6 қарашаға дейін (Астана қаласының уақытымен 23:59-ға дейін).

Күндізгі оқу Астана қаласында 2022 жылғы 28 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін өткізіледі (күндер өзгеруі мүмкін).

e-mail: info@apm.amanatpartiasy.kz

Жүктеуге арналған сілтемелер:

Іріктеу қағидалары

Ереже