Хабарландыру

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы көшбасшы әйелдерге арналған бағдарлама бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу конкурсын жариялайды. уына немесе сайлануына көмектесетін дағдыларды, білімдерді және құзыреттерді дамытуға бағытталған. Нұр-Сұлтан қаласында көшбасшылық, саясаттағы гендерлік мәселелер, Қазақстанның трансформациясы, эмоциялық интеллект, жобаларды басқару, келіссөздер, көпшілік алдында сөз сөйлеу және басқа да тақырыптар бойынша модульдерді қамтитын 5 күндік қарқынды оқыту бағдарламасынан өту үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен 30 қатысушы іріктелетін болады. Бағдарламада Қазақстан мен Германияның жетекші саяси қайраткерлерімен кездесулер қарастырылған. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар өз өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған саяси жобаларды әзірлейді және енгізеді.

Барлық қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласына көлік және тұру шығындары өтелетін болады.

Бұл бағдарлама кімге арналған:

Мәслихат депутаттарына Қоғам белсенділері мен ҮЕҰ басшыларына Қоғамдық пікір көшбасшыларына Ұйымдардың қызметкерлеріне Бағдарламаға қатысудан не аласыздар:

Саяси мансабыңызға көмектесетін дағдылар мен білім Нұр-Сұлтан қаласындағы және басқа өңірлерден келген көшбасшы әйелдермен жаңа таныстық Пайдалы саяси жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі Іріктеуге басшылық жұмыс тәжірибесі немесе жобаларды іске асыру тәжірибесі бар, өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін құжаттардың толық пакетін ұсынған әйел адамдар жіберіледі.

Мүдделі тұлғалар

сілтеме арқылы онлайн-нысанды толтыруы: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd8huYAPEirC259jHF8BmWnHgPdOuhDKUHHMjYYniREVIWQoA/viewform және хат тақырыбына «Томирис» деп көрсетіп, электрондық пошта арқылы (info@apm.amanatpartiasy.kz) құжаттар пакетін жіберуі керек, ол мыналарды қамтиды:

а) жеке куәліктің көшірмесі;

b) мотивациялық хат (500 сөзден артық емес);

c) түйіндеме/CV;

d) Қоғамдық немесе саяси көшбасшысының қолы қойылған еркін нысандағы ұсынымхат. Қатысушыларды іріктеуді тәуелсіз қазылар алқасы түйіндемені, мотивациялық хаттарды және онлайн-әңгімелесуді бағалау қорытындылары негізінде жүргізеді. Іріктеу критерийлері: Мансаптық жетістіктері, Көшбасшылық әлеуеті, Оқуға деген ынта-жігері. Жас шектеу жоқ.

Оқыту жобасы «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Томирис» әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасы аясында, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Конрад Аденауэр атындағы Қордың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2022 жылғы 18 шілде – 15 тамыз аралығы, Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша 18:30-ға дейін.

е-mail: info@apm.amanatpartiasy.kz

Қосымша ақпарат:

+7 701 399 0338 Мадина,

+7 700 730 9361 Темірлан