Оқытуды ұйымдастыру және жобалар бөлімінің меңгерушісі бос лауазымына орналасуға конкурс

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Оқытуды ұйымдастыру және жобалар бөлімінің меңгерушісі бос жұмыс орнына өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды. «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Академияның мақсаты – партия кадрларын оқыту мен кәсіби дамыту және қазақстандықтардың игілігі үшін білім беру жобаларын іске асыру. Біз «AMANAT» партиясының мүшелерін және барлық қазақстандықтарды оқытуға және кәсіби дамытуға үлес қосқысы келетін, сондай-ақ қызықты білім беру жобаларын іске асыруға қатысқысы келетін, белсенді өмірлік ұстанымы бар қызметкерлерді іздейміз! Бізге «Әлеуметтік ғылымдар, бизнес, менеджмент, техникалық ғылымдар, технологиялар, халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар белсенді қызметкер қажет. Қазақ тілін жетік меңгерген мейлінше ғылыми дәрежесі немесе магистр дәрежесі болғаны жөн. Ағылшын тілін білу құпталады. Мүдделі үміткерлер түйіндемені хаттың тақырыбына «Оқытуды ұйымдастыру және жобалар бөлімінің меңгерушісі» деп жазып, n.mukhatayeva@apm.amanatpartiasy.kz электронды поштасына жіберуі керек. Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін (қоса алғанда). Іріктелген үміткерлер бейнеконференцбайланыс арқылы сұхбаттасуға шақырылады.

Негізгі міндеттері: Орталық, аймақтық және аумақтық деңгейлерде партиялық-саяси оқытуды ұйымдастыру және жетекшілік ету. Күндізгі және қашықтықтан білім беру бойынша инновациялық оқыту түрлерін енгізу (семинар-тренингтер, мастер-класстар, партияішілік талқылаулар, пікірталастар, вебинарлар, бейнеконференциялар және т.б.). Партиялық оқыту және саяси кадрларды даярлау саласындағы отандық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Кәсіби білімдері ● ҚР заңнамасын, ҚР Конституциясын, «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңын, «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңын, партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын білу; ● мемлекеттік тілді білу; ● білім беру қызметінің ережелері мен рәсімдерін білу; ● офлайн - онлайн оқытуды ұйымдастыру мен өткізуді білу; ● коммерциялық жобаларды ұйымдастыру ережелерін білу.

Кәсіби дағдылары • ұйымдастыру және басқару дағдылары; • жүйелік және аналитикалық ойлау дағдылары; • коммуникация және командада жұмыс істеу дағдылары; • когнитивтік икемділік, шығармашылық (креативтілік) дағдылары; • жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық әріптестермен іске асыру дағдылары; • PR бойынша жұмыс жүргізу дағдылары.