ОҰЖ бөлімінің консультанты лауазымына орналасуға конкурс

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Оқытуды ұйымдастыру және жобалар бөлімінің консультанты (негізгі жұмыскердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне уақытша) бос жұмыс орнына өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды. «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Академияның мақсаты партия кадрларын оқыту мен кәсіби дамыту және қазақстандықтардың игілігі үшін білім беру жобаларын іске асыру болып табылады. Біз «AMANAT» партиясының мүшелерін және барлық қазақстандықтарды оқытуға және кәсіби дамытуға үлес қосқысы келетін, сондай-ақ қызықты білім беру жобаларын іске асыруға қатысқысы келетін, белсенді өмірлік ұстанымы бар қызметкерлерді іздейміз!

Бізге қазақ тілін жетік меңгерген «білім беру, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, бизнес, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар белсенді қызметкер қажет. Ағылшын тілін білу құпталады. Мүдделі үміткерлер түйіндемені хаттың тақырыбына «Оқытуды ұйымдастыру және жобалар бөлімінің консультанты» деп жазып,

n.mukhatayeva@apm.amanatpartiasy.kz электронды поштасына жіберуі керек. Өтінімдерді қабылдау мерзімі –

2023 жылдың 29.09., 12:00
Іріктелген үміткерлер бейнеконференцбайланыс арқылы сұхбаттасуға шақырылады.

Негізгі міндеттері: Орталық, аймақтық және аумақтық деңгейлерде партиялық-саяси оқытуды ұйымдастыру. Күндізгі және қашықтан білім беру бойынша инновациялық оқыту формаларын енгізу (семинар-тренингтер, мастер-кластар, партияішілік талқылаулар, пікірталастар, вебинарлар, бейнеконференциялар және т.б.). Партиялық оқыту және саяси кадрларды даярлау саласында отандық және шетелдік ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасау.

Кәсіби білімдері • ҚР заңнамасын, ҚР Конституциясын, «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңын, «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңын, партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын білу; • мемлекеттік тілді білу; • білім беру қызметінің ережелері мен рәсімдерін білу; • офлайн және онлайн оқытуды ұйымдастырып, өткізе білу; • коммерциялық жобаларды ұйымдастыру ережелерін білу.

Кәсіби дағдылары • ұйымдастыру және басқару дағдылары; • жүйелік және аналитикалық ойлау дағдылары; • коммуникация және командалық өзара іс-қимыл дағдылары; • танымдық икемділік дағдылары, креативтілік; • жобаларды, оның ішінде халықаралық жобаларды іске асыру дағдылары; • PR бойынша жұмыс жүргізу дағдылары.