Хабарландыру

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы келесі бағыттар бойынша дәріскерлер мен тренерлерді іріктеуге конкурс жариялайды:

  • Көшбасшылық (саяси көшбасшылық, «4D көшбасшылығы» жүйесі);
  • Команда құру;
  • Саяси технологиялар және саясаттану;
  • Саяси және дағдарысқа қарсы коммуникациялар;
  • Көпшіліктің алдында сөз сөйлеу және саяси спичрайтинг;
  • Саяси SMM және копирайтинг
  • Жобалық менеджмент;
  • Дағдарысқа қарсы коммуникациялар;
  • Психология және эмоциялық интеллект;
  • Күйзелісті басқару (стресс-менеджмент);
  • Күйзеліске төзімділік және эмоциялық өзреттелім технологиялары;
  • Жанжалдарды және өзгерістерді басқару технологиялары, конфликтология, медиация;
  • Оқытушылық шеберлік және фасилитация;
  • Сыни ойлау және ойлауды өзгерту;
  • Тұрақты даму және гендерлік күн тәртібі.
  • Іріктеуге бакалавр немесе маман дипломы, кемінде екі жыл оқыту іс-шараларын өткізу тәжірибесі бар және өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін құжаттардың толық пакетін ұсынған дәріскерлер мен тренерлер жіберіледі.

Қызығушылық танытқан дәріскерлер мен тренерлердің өтініштері электрондық пошта арқылы қабылданады (info@apm.amanatpartiasy.kz), хаттың тақырыбын «Оқытушыларды іріктеу» деп көрсету қажет.

Ұсынылатын құжаттар тізімі:

  1. Тренердің түйіндемесі/CV;
  2. Еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы немесе басқасы);
  3. Білім туралы құжаттардың көшірмелері: жоғары және /немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом және/немесе мәлімделген оқыту бейіні бойынша тренингтер/ коучинг/ курстар өткізу саласындағы қосымша білім туралы сертификат;
  4. Оқыту фрагментінің бейнежазбасы, 15 МБ артық емес (бар болса);
  5. Саяси және қоғам қайраткерлерінен (депутаттардан, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басшыларынан), үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдардан (бар болса) ұсыным хат;
  6. Әлеуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (бар болса);
  7. 1 (бір) оқу сағаты үшін бағасы көрсетілген коммерциялық ұсыныс.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 01-30 қыркүйек аралығында сағат 18:30-ға дейін.

Іріктелген тренерлер мен дәріскерлер Академияның білім беру іс-шараларында оқыту қызметтерін көрсетуге тартылады.

Email: info@apm.amanatpartiasy.kz

Байланыс телефон: 8 (7172) 70-76-17, +77057999064 Аяжан Касымова