заң кеңесшісі-кадр қызметкері лауазымына конкурс
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Оқу-әдістемелік бөлімінің заңгер-кадр маманы бос жұмыс орнына өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды. «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Академияның мақсаты – партия кадрларын оқыту мен кәсіби дамыту және қазақстандықтардың игілігі үшін білім беру жобаларын іске асыру. Біз «AMANAT» партиясының мүшелерін және барлық қазақстандықтарды оқытуға және кәсіби дамытуға үлес қосқысы келетін, сондай-ақ қызықты білім беру жобаларын іске асыруға қатысқысы келетін, белсенді өмірлік ұстанымы бар қызметкерлерді іздейміз! Бізге «құқық» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, қазақ тілін жетік меңгерген белсенді қызметкер қажет. Қызығушылық танытқан үміткерлер хаттың тақырыбына «Заңгер-кадр маманы» деп жазып, түйіндемені info@apm.amanatpartiasy.kz электронды поштасына жіберуі керек.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 17.10.2023 жылға дейін (қоса алғанда).
Іріктелген үміткерлер бейнеконференцбайланыс арқылы сұхбаттасуға шақырылады.
Білімі Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі – 2 жылдан кем емес. Магистр дәрежесінің болуы: Бейінді магистратура 1 жыл жұмысқа теңеледі; Ғылыми-педагогикалық магистратура 2 жыл жұмысқа теңеледі.
Практикалық жұмыс өтілі оқытушылық қызмет тәжірибесі кемінде 2 жыл.
Кәсіби білімдері ● ҚР заңнамасын, ҚР Конституциясын, «Саяси партиялар туралы», «Сатып алу туралы» ҚР Заңдарын, Еңбек кодексіне, «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңын, партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын білу; ● мемлекеттік тілді білу. Кәсіби дағдылары • ішкі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу дағдылары; • кадрлық іс жүргізу, архив, іс жүргізу дағдылары; • сатып алуды ұйымдастыру дағдылары; • ұйымдастырушылық дағдылар, үлкен деректер көлемімен жұмыс істей білу; • сыни және аналитикалық ойлау дағдылары; • коммуникациялық өзара іс-қимыл жасау және командада жұмыс істеу дағдылары; • креативті ойлау дағдылары.