Жаттықтырушы-әдіскер лауазымына конкурс

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Оқу-әдістемелік бөлімінің тренер-әдіскері бос жұмыс орнына өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды. «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Академияның мақсаты – партия кадрларын оқыту мен кәсіби дамыту және қазақстандықтардың игілігі үшін білім беру жобаларын іске асыру. Біз «AMANAT» партиясының мүшелерін және барлық қазақстандықтарды оқытуға және кәсіби дамытуға үлес қосқысы келетін, сондай-ақ қызықты білім беру жобаларын іске асыруға қатысқысы келетін, белсенді өмірлік ұстанымы бар қызметкерлерді іздейміз! Бізге «Саясаттану» мамандығы бойынша білімі және/немесе осы бағытта жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін жетік меңгерген белсенді қызметкер қажет. Мүдделі үміткерлер түйіндемені хаттың тақырыбына «Тренер-әдіскер» деп жазып, n.mukhatayeva@apm.amanatpartiasy.kz электронды поштасына жіберуі керек. Өтінімдерді қабылдау мерзімі - 24.01.2023 дейін (қоса алғанда).
Іріктелген үміткерлер бейнеконференцбайланыс арқылы сұхбаттасуға шақырылады.

Оқу-әдістемелік бөлімінің тренер-әдіскері Негізгі міндеттері Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, оқыту сапасын қамтамасыз ету, лектор ретінде тренингтер мен семинарлар өткізу. Білімі

  • «Саясаттану, менеджмент, мемлекеттік басқару, қоғаммен байланыс, білім беру, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, бизнес» мамандықтар тобы бойынша «магистр» дәрежесінің болуы. Практикалық жұмыс өтілі оқытушылық қызмет тәжірибесі кемінде 2 жыл. Кәсіби білімдері ● ҚР заңнамасын, ҚР Конституциясын, «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңын, «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңын, партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын білу; ● оқыту пәнін білу; ● мемлекеттік тілді білу міндетті. Кәсіби дағдылары • оқытушылық шеберлік дағдылары; • білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу дағдылары; • ұйымдастырушылық дағдылар, үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істей білу; • сыни және аналитикалық ойлау дағдылары; • коммуникациялық өзара іс-қимыл жасау және командада жұмыс істеу дағдылары; • креативті ойлау дағдылары.