Академия өңірлік жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламаны іске қосты
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы басқарушылар мен кадрлық резервке арналған модульдік оқыту бағдарламасының басталғанын хабарлады.
Бағдарлама еліміздің жетекші өңірлік жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен, Toraighyrov University (Павлодар облысы), М.Х. Дулати атындағы Тараз университетімен, Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедов атындағы университетпен және Жетісу облысындағы Ілияс Жансүгіров атындағы университетпен келісімдер жасалған.
Серіктестік аясында Академия бағдарламасы жоғары оқу орындарының «жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығына енгізіледі. Сонымен қатар оқытушылардың біліктілігі арттырылып, Академия тыңдаушылары университеттердің базасында білім алады.
Бұл формат университеттер мен Академияның өзара тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орындары өңірлердегі нақты сұранысты қалыптастырады, ал Академия оқыту ауқымын кеңейтіп, кадрларды тәжірибеге бағыттап даярлайды.
Нәтиже - Бағдарлама жергілікті басқару жүйесіне қажетті білікті мамандарды даярлауға және өңірлердегі кадр сапасын арттыруға мүмкіндік береді.