Академияның стратегиялық даму және серіктестік бөлімінің аналитигі бос лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы стратегиялық даму және әріптестік бөлімінің талдамашысы бос лауазымына өтінімдердің қабылдана басталғаны туралы хабарлайды. «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы 2010 жылдан бастап қызмет етеді. Академияның негізгі мақсаты – партия кадрларын оқыту және кәсіби дамыту, сондай-ақ басым жобаларды іске асыру. Қызығушылық танытқан үміткерлер түйіндемелерін info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық поштасына хат тақырыбында «Стратегиялық даму және әріптестік бөлімінің талдамашысы» деп көрсетіп жолдауы қажет. Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 21 мамырға дейн (қоса алғанда). Іріктелген үміткерлер бейнебайланыс арқылы әңгімелесуге шақырылады.
Стратегиялық даму және әріптестік бөлімінің талдамашысы. Негізгі міндеттері: Академияны стратегиялық тұрғыдан дамыту және іске асырылып жатқан бағдарламалар мен бастамалардың тиімділігін арттыру мақсатында талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу, шешім қабылдау процесін қолдау мақсатында деректерді жинау, өңдеу, интерпретация және визуализациялау. Сыртқы ортаны мониторингілеу, бәсекелестік тәжірибелерді зерделеу және инновациялық шешімдерді енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу. Объективті талдау нәтижелері мен жақсарту жөніндегі ұсынымдар негізінде бөлімнің есептік және жобалық қызметін сүйемелдеу. Жергілікті атқарушы органдар үшін экономикалық және өңірлік даму мәселелері бойынша талдамалық материалдар мен ұсынымдар әзірлеу. Уәкілетті мемлекеттік органдар мен жеке сектор үшін салалық талдамалық материалдар мен ұсынымдар дайындау. Білімі: Саясаттану, әлеуметтану, экономика, мемлекеттік басқару, қолданбалы талдау, халықаралық қатынастар, статистика, жария саясат немесе сабақтас бағыттар саласындағы жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистр академиялық дәрежесінің болуы, деректерді талдау, жобаларды басқару, цифрлық трансформация немесе стратегиялық жоспарлау салаларында қосымша кәсіби дайындықтың немесе курстардың болуы қошаметтеледі. Жұмыс өтілі: – бейін бойынша жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде бағдарламаларды немесе жобаларды талдау, жоспарлау, бағалау немесе ғылыми-зерттеу қызметі саласында кемінде 2 жыл. – қоғамдық, академиялық немесе халықаралық сектордағы жұмыс тәжірибесі қошаметтеледі. Кәсіптік білімі: –мемлекеттік және стратегиялық басқару, бағдарламаларды әзірлеу мен бағалау негіздерін түсіну; – деректерді жинау, құрылымдау, талдау және визуализациялау дағдылары; – қолданбалы статистика, аналитикалық әдістемелер және мониторинг жүйелерінің негіздері; – деректерді талдаудың заманауи цифрлық құралдарын меңгеру; – білім беру, мемлекеттік басқару және өңірлік даму салаларындағы өзекті трендтерді білу; – халықаралық ынтымақтастық, гранттық қызмет, жобалық және бағдарламалық менеджмент негіздері. Кәсіптік дағдылар: – аналитикалық және сыни ойлау қабілеті, егжей-тегжейге назар аудару дағдысы; – есептер, аналитикалық жазбалар мен презентациялар дайындау; – мониторингтік құралдарды (KPI, сауалнамалар, бағалау нысандары) әзірлеу және сүйемелдеу; – стратегиялық және есептік құжаттар үшін ақпаратты құрылымдау; – қазақ және орыс тілдерінде сауатты жазу және сөйлеу; – әріптестермен, сарапшылармен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен тиімді қарым-қатынас орната білу; – өзін-өзі ұйымдастыра білу, белгіленген мерзімдерді сақтау және үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей алу; – ақпаратты визуалдық түрде ұсыну дағдылары (инфографика, диаграммалар және т.б.).