Академияның стратегиялық даму және серіктестік бөлімінің басшысы бос лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Стратегиялық даму және әріптестік бөлімінің басшысы бос лауазымына өтінімдердің қабылдана басталғаны туралы хабарлайды. «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы 2010 жылдан бастап қызмет етеді. Академияның негізгі мақсаты – партия кадрларын оқыту және кәсіби дамыту, сондай-ақ басым жобаларды іске асыру. Қызығушылық танытқан үміткерлер түйіндемелерін info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық поштасына хат тақырыбында «Стратегиялық даму және әріптестік бөлімінің басшысы» деп көрсетіп жолдауы қажет. Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 21 мамырға дейн (қоса алғанда). Іріктелген үміткерлер бейнебайланыс арқылы әңгімелесуге шақырылады.
Стратегиялық даму және әріптестік бөлімінің басшысы. Негізгі міндеттері:
- Академияның білім беру, консалтингтік және өзге де жобаларын дамыту бөлігінде стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады, бөлім қызметінің негізгі бағыттарын дамытады, қоластындағы қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді, қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік және халықаралық әріптестермен, білім беру және ғылыми ұйымдармен, партияның Орталық аппаратымен және басқа да мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
- Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді, оқыту сапасын қамтамасыз етеді, тренингтер, семинарлар және өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады, оның ішінде лектор ретінде.
Білімі:
Экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг, мемлекеттік саясат, саясаттану, әлеуметтану, құқық, халықаралық қатынастар, мемлекеттік қызмет, жобалық басқару бағыттарының бірі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Тиісті бейін бойынша PhD немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы.
Менеджмент, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік саясат, өңірлік даму, тәуекел-менеджмент, коучинг, жобаларды басқару, аналитика, консалтинг және аумақтарды дамыту салаларында салаларында біліктілікті арттыру қошаметтеледі.
Жұмыс өтілі:
Тиісті бейін бойынша жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда немесе стратегиялық, білім беру, консалтингтік не зерттеу жобаларын іске асыру саласында кемінде 5 жыл:
– стратегиялық бастамаларды, бағдарламалар мен жобаларды ұйымдастыру мен іске асыруда;
– командаға жетекшілік ету, серіктестермен өзара іс-қимыл;
– аналитикалық материалдарды, әдістемелік және білім беру өнімдерін талдау мен әзірлеу тәжірибесінің болуы.
Кәсіптік білімі: – стратегиялық және ұйымдастырушылық жоспарлау; – мемлекеттік және өңірлік даму саласындағы консалтинг; – мемлекеттік саясат, экономика, жария басқару және әлеуметтік саясаттың негіздері; – оқыту мен зерттеу бағдарламаларының әдістемелері мен форматтары; – гранттық қызметтің, серіктестермен өзара іс-қимылды үйлестіру, жобалық және тәуекел-менеджмент негіздері; – аналитикалық тәсілдер, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес үшін есептер мен ұсынымдар дайындау; – PR принциптері, ұйым басшылығымен және серіктестермен өзара іс-қимыл, тиімді коммуникация негіздері; – мемлекеттік тілді еркін меңгеру; – заманауи цифрлық құралдары (Google Workspace, Zoom, Canva, Excel, PowerPoint және т.б.). Кәсіптік дағдылары: – жобалық және талдамалық қызметке жетекшілік ету; – стратегиялық жоспарларды, жол карталарын, KPI қалыптастыру; – білім беру және консалтингтік форматтарды ұйымдастыру және жетілдіру; – аналитикалық жазбаларды, презентацияларды және әдістемелік материалдарды дайындау; – зерттеулерді жүргізу, стратегиялық сессияларды модерациялау, ересектерді оқыту; – қазақ және орыс тілдерінде сауатты жазу және сөйлеу; – іскерлік хат алмасуды жүргізу және шарттық қызметті үйлестіру; – серіктестіктерді құру, меморандумдарды және гранттық өтінімдерді дайындау; – командалық жұмыс дағдылары, тайм-менеджмент, өзіне жауапкершілікті ала білу.