«AMANAT» партиясы республикалық қайырымдылық акциясы аясында

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұжымы балаларды мектепке дайындауға атсалысты.

Бүгін екі оқушыны тәрбиелеп отырған отбасына бардық. Балалар өздеріне ұнаған оқу құралдары мен мектеп формасын таңдады, ал бұл екі есе жағымды әсер сыйлады.

Оқушылардың анасы партия ұжымына өз алғысын білдірді.

Акция бүкіл Қазақстан бойынша партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Басты мақсат – көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға балаларды оқу жылына дайындауға жәрдемдесу.