«Әлеуметтік желілердегі жұмыс жасау» тақырыбындағы вебинар

«Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебі 2021 жылғы 29 - 30 қыркүйекте «Jas Otan» ЖҚ Хатшылығына, аймақтық филиалдардың төрағаларына, «Jas Otan» ЖҚ мүшелеріне арналған «Әлеуметтік желілердегі жұмыс жасау» тақырыбына онлайн оқуды (вебинар) өткізеді.

Вебинардың жаттықтырушылары: Дайырова Мақпал – медиажаттықтырушы, медиа саласында 7 жыл жұмыс тәжірибесі бар SMM-маман, Онлайн кәсіптер институтының (Ресей) «Маркетолог» мамандығы бойынша түлегі және Тимур Бектұр – IT аналитик және Digital Marketer, медиадәріскер, бизнес консультант. «Astana Internet Forumy» аясында «Қазнет Тұлғасы – 2013» номинациясының иегері. 2019 жылғы TEDx Semey спикері.