Тиімді коммуникация — басқарудың маңызды құралы: халықпен жұмыс істеу дағдылары күшейтілуде

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы басқарушыларға арналған оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Бағдарлама халықпен және жұмыс топтарының ішінде тиімді байланыс орнатуға бағытталған. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі — «Халықпен және командамен тиімді коммуникация» модулі. Онда әртүрлі аудиториямен, соның ішінде төтенше жағдайларда коммуникация жасау жолдары үйретіледі. Оқу барысында коммуникация тек сөйлесу емес, басқарудың маңызды құралы ретінде қарастырылады. Қатысушылар ақпаратты түсінікті жеткізуді, мемлекеттік шешімдерді халыққа қарапайым тілмен түсіндіруді және оның нақты пайдасын көрсете білуді меңгереді.

Бағдарламада коммуникацияның негізгі түрлері қарастырылады:

– халықпен байланыс — реформалар мен бастамаларды түсіндіру, сенім қалыптастыру;

– ішкі коммуникация — ұжыммен жұмыс, командалық үйлесімділік;

– дағдарыстық коммуникация — төтенше жағдайларда жедел әрекет ету және дұрыс ақпарат тарату. Қатысушылар:

– ақпаратты қарапайым әрі түсінікті жеткізуді;

– әртүрлі аудиториямен жұмыс істеуді;

– халықпен тұрақты кері байланыс орнатуды;

– дағдарыс кезінде дұрыс әрекет етуді;

– команда ішіндегі байланысты күшейтуді үйренеді.

Оқыту тәжірибеге бағытталған, нақты мысалдар мен күнделікті жұмыста қолданылатын тәсілдер ұсынылады. Нәтижесінде басқарушылар халықпен тиімді байланыс орнатып, сенімді арттырып, нақты нәтижеге қол жеткізе алады.