«Заңгер-кадр маманы» бос лауазымына өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы «Заңгер-кадр маманы» бос лауазымына өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды. «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы өз қызметін 2010 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Академияның мақсаты – партия кадрларын оқыту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ басым жобаларды іске асыру. Аталған бос лауазымға қызығушылық танытқан үміткерлер түйіндемелерін «Заңгер-кадр маманы» деген тақырыппен info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық поштасына жолдауы қажет. Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 7 маусымға дейін (қоса алғанда). Іріктеуден өткен үміткерлер бейнеконференция байланысы арқылы әңгімелесуге шақырылады.
«Заңгер-кадр маманы». Негізгі міндеттер: – Академияда әзірленетін бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, шарттардың, стандарттардың және өзге де құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу, Академия қызметін құқықтық сүйемелдеу; – кадрлық іс жүргізуді жүзеге асыру, Академия қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату жөніндегі бұйрықтарды дайындау, Академия қызметін кадрлық сүйемелдеу; – Академияның тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуын ұйымдастыру. Білімі: – «құқық» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), магистр академиялық дәрежесінің болуы міндетті емес, бірақ қошаметтеледі. Жұмыс өтілі: – тиісті бағыт бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. Кәсіби білімі: – Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнаманы қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; – жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу және келісу тәртібін, кадрлық есепке алуды және іс жүргізуді ұйымдастыру қағидалары мен рәсімдерін білу; – ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін білу; – азаматтық-құқықтық шарттардың негіздерін білу (жалдау, қызмет көрсету, сақтандыру және т.б.); – Enbek.kz және 1С жүйелерін (кадрлық модуль) меңгеру; – мемлекеттік тілді білу. Кәсіби дағдылары: – ішкі нормативтік актілерді (нұсқаулықтар, ережелер, бұйрықтар және т.б.) және азаматтық-құқықтық шарттарды әзірлеу мен құқықтық сараптау дағдылары; – кадрлық іс жүргізу дағдылары (жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, тәртіптік жазаларды рәсімдеу және т.б.), құжат айналымын жүргізу, Enbek.kz және 1С жүйелеріндегі қызметкерлердің дерекқорымен жұмыс істеу дағдылары; – сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және сүйемелдеу, сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу дағдылары; – соттарда, сондай-ақ мемлекеттік органдарда құқықтық мәселелер бойынша ұйымның мүдделерін білдіру қабілеті; – сыни және аналитикалық ойлау дағдылары; – тиімді коммуникация және командада жұмыс істеу дағдылары; – құқықтық шешімдерге талдау жүргізу және тәуекелдерді бағалау қабілеті; – қазақ және орыс тілдерінде сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары; – іскерлік хат алмасуды жүргізу және шарттық жұмысты үйлестіру дағдылары; – серіктестік қатынастар орнату, меморандумдар мен гранттық өтінімдерді дайындау дағдылары; – командада жұмыс істеу, уақытты тиімді басқару және өзіне жауапкершілік алу қабілеті.