«Ауыл Аманаты» жобасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіруді мұрат еткен 40 күндік ақпараттық марафон аяқталды
Бүгін «2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Ауыл Аманаты» жобасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіруді мұрат еткен 40 күндік ақпараттық марафон аяқталды.
Мобильдік топтар республикамыздың барлық өңірлеріндегі 175 аймақтығ 425 ауылы мен ауылдық округтеріне барды.
Кездесу барысында мобильдік топ мүшелері жеңілдетілген несие берудің жаңа мүмкіндіктері, лизинг пен халық табысын арттыруға бағытталған өзге де құралдар туралы айтып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына нақты жауап беріп, ұсыныстарын тығдады.
«Ауыл Аманаты» жобасы халық табысын арттыруға, тұрғындардың орташа жалақысын көбейтуге және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.
Жобаның басты мақсаты - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға қатысты мәселелерді шешу.
Бағдарлама аясында жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанның барлық облыстарына жыл сайын бюджеттік несиелер беріліп отырады.
Жоба 2023 жылы басталып, 2025 жылға дейін жалғасады.