Көшбасшы әйелдерге арналған «Tomirirs» оқу бағдарламасының қатысушылары анықталды

Көшбасшы әйелдерге арналған «Tomirirs» оқу бағдарламасының қатысушылары анықталды.

Бағдарламаға қатысу үшін 18 шілде – 15 тамыз аралығында барлығы 342 өтініш жіберілді. Оның ішіндегі 125 өтініш талаптарға сай келді.

Жоба ұйымдастырушыларының өкілдерінен тұратын конкурстық комиссия мен тәуелсіз сарапшылар үміткерлерге кезең-кезеңімен іріктеу жүргізіп, оларға баға берді.

Бірінші кезеңде 125 үміткердің түйіндемесі мен мотивациялық хаты қаралып, баға берілді. Оның нәтижесінде финалдық кезең - сұхбатқа 60 адам өтті.

Екінші кезеңде Конкурстық комиссия мүшелері финалған өткен үміткерлермен сұхбат жүргізіп, ашық дауыс беру арқылы көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» оқу бағдарламасына қатысатын 30 әйел іріктеліп алынды.

Оқу 5 қыркүйек күні басталады.

«Tomiris» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының және Конрад Аденауэр Қорының қолдауымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

30 білім алушының тізімі карусельде