Ауыл Аманаты жобасының сипаттамасы
Жобаның негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.
Жобаның міндеттері:
- ауыл халқын агробизнеске тарту;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді жан-жақты қолдау;
- азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешу;
- азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру;
- ауылдардың экономикалық әлеуеті мен мамандану бағыттарын анықтау.
13-22 маусым және 11-20 шілде аралығындағы кезеңде Саяси менеджмент академиясы жоба аясында «Табыстарды көбейту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігінің өсуі саласында басшының құзыреттілігін арттыру» тақырыбы бойынша еліміздің барлық ауыл әкімдерін оқытты. Барлығы 2135 ауыл әкімі мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшысы оқытылды.
Жоба аясында «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ауыл Аманаты» жобасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша 40 күндік ақпараттық марафон іске қосылды.
Мобильді топтар республикамыздың барлық облыстары бойынша 175 ауданның 425 ауылы мен ауылдық округін аралады.
Кездесу барысында мобильді топ мүшелері ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие берудің, лизингтің жаңа мүмкіндіктері және халықтың табысын арттыруға бағытталған басқа да құралдар туралы ақпарат берді, сондай-ақ ауыл азаматтарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап, оларға нақты жауаптар берді.
Бағдарлама аясында жыл сайын еліміздің барлық облыстарына жобаны іске асыруға бюджеттік кредиттер берілетін болады.
Жоба 2023 жылы басталып, 2025 жылға дейін жалғасады.