«Күйзелісті басқару. Жанжалтану. Медиация» тақырыбындағы семинар-тренинг

Саяси менеджмент академиясының Жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен қызметкерлеріне арналған «Күйзелісті басқару. Жанжалтану. Медиация» тақырыбындағы 3 күндік семинар-тренингі аяқталды. Бұл іс-шара «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе өткізілді.

Тренингтің мақсаты: Жанжалды жағдайларды шешу үшін медиация принциптерін және күйзелісті басқару құралдарын меңгеру.

Семинар-тренинг 3 күнге созылды және мынадай 3 модульге бөлінді:

  • Жанжалтану
  • Медиация
  • Күйзелісті басқару

Тренерлер:

  • Әділ Самекин - «Психология» мамандығының профессоры, философия докторы (PhD).
  • Шыңғысхан Қожахметов - сертификатталған медиатор, заң ғылымдарының магистрі.
  • Арман Хамитов - халықаралық санаттағы бизнес-тренер, бизнес-консультант, Business & Executive Coach ICU, ICF, ICTA, Global Shapers Community вице-кураторы.

Семинар-тренингтің форматы: ақпараттық блоктар, практикалық жаттығулар, кейстерді талдау.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар өз өңірлерінің жастарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, түрлі дағдыларға үйрету, басқа да қолдау түрлерін көрсету арқылы тиімдірек бола алады.

Іс-шара соңында қатысушыларға семинар-тренингтен өткені туралы сертификаттар табыс етілді.