«Жас саясаткер мектебі» бағдарламасы
28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған «Жас саясаткер мектебі» бағдарламасының бірінші лек қатысушылары бір апталық семинар-тренингтен өтті.
Жас саясаткер мектебі - бұл жастар көшбасшыларының ішінен жаңа таланттарды анықтауға және оларды оқытуға бағытталған Академияның жаңа жобасы. Қатысушыларды іріктеу конкурстық негізде өтті, онда арнайы комиссия түйіндемені, мотивациялық хаттарды талдау (1-кезең) және әңгімелесу өткізу (2-кезең) қорытындысы бойынша 50 қатысушыны іріктеп алды. Өтінімдерді бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізілді: мансаптық жетістіктері, көшбасшылық әлеуеті, оқуға деген ынта-жігері.
Оқыту Әділетті Қазақстан құру жолында жас саясаткерлерге өз мансабын дамытуға көмектесетін дағдыларды, білім мен құзыреттерді дамытуға бағытталған.
5 күн ішінде 50 қатысушы жаңа құралдарды зерделеп, депутаттардың, сарапшы-практиктердің және бизнес-спикерлердің тәжірибесімен танысты, сонымен қатар жастар мәселелерін шешуге арналған жобалар әзірледі. Бағдарлама шеңберінде белгілі қоғам және саяси қайраткерлермен, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловпен, «AMANAT» партиясының фракциясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Юлия Кучинскаямен, Жұлдыз Сүлейменовамен, Мәди Ахметовпен, Екатерина Смышляевамен, Елдос Абақановпен кездесулер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мәдиев Мағжан Дінмұхаммедұлымен, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Желдібай Руслан Сұлтанұлымен қонақ кездесулері өткізілді.
Бағдарлама аясында сертификатталған бизнес-тренер, бизнес-коуч, психолог, ICBT халықаралық мектебінің аккредиттелген тренер-оқытушысы Людмила Серекбаева; Green Tal әлеуметтік шеберханасының басшысы, Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы, «Best for Kids» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, шешендік өнер мен бизнес саласында тренер Эмин Аскеров; ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Серікқызы Жолдыбалина; «НИКА» коммуникативтік даму орталығының жетекші тренері, «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» штаттан тыс тренері Толқын Аманбек; бизнес-тренер, ICU, ICF, ICTA коучы Федоров Яков сияқты спикерлер жұмыс жасады.
2023 жылы аталған жоба бойынша келесі лек қатысушыларын оқыту жоспарлануда. «Жас саясаткер мектебі» бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты «Жаңалықтар» бөлімінен таба аласыздар.