Оспанова Лаура Абдрашитовна

Оспанова Лаура Абдрашитовна

Консультант отдела организации обучения и проектов

1985 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 2006 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Филология факультетін бітірген. 2008 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын 2007 жылы «АТФ БАНК» АҚ-ның филиалында кредит бойынша сарапшы болып бастап, әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген, оның ішінде сарапшы-бағалаушы, Астана халықаралық әуежайында тіркеу агенті, Астана халықаралық әуежайының штабында Жабдықтау бөлімінде, содан кейін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да басшының ассистенті болып жұмыс істеген. 2021 жылдан бастап Астана қаласында «AMANAT» партиясының Шаруашылық басқармасы» ЖШС-де қызмет атқарып, 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бері «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы» жеке меншік мекемесінің консультанты лауазымына тағайындалды.