Президент Касым Жомарт Токаев объявил расширение возможностей женщин одним из приоритетов своей политики
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуді өз саясатының басты бағыты деп жариялады.
Мысалы, ол Парламент пен Мәслихаттағы партиялық тізімдегі әйелдер квотасын 30%-ға арттырды.
2020 жылы олардың тек партиялық тізімде емес, сонымен қатар Парламент пен Мәслихатқа сайланған депутаттардың 30%-ы әйелдерден тұруы керек екендігін жариялады.
Бірақ, қазір атқарушы билік органдарында екі әйел министр бар және облыстарды басқаратын әйел-әкімдер жоқ. Ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің 8%-ын ғана әйел адамдар құрайды.
️2021 жылы Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитеті Қазақстанға әйелдерді саяси көшбасшылыққа, науқандарды және келіссөздерді жүргізу қабілеттеріне үйретуге кеңес берді.
Осы мәселені шешу мен Қазақстан саясатындағы әйелдер көшбасшылығын дамыту мақсатында 30 саясаткер әйелді іріктеп, оқыту жобасын ұсынамыз.
Тарихтағы ең беделді де көрнекті әйел көшбасшылардың және Қазақстанның танымал тарихи тұлғаларының бірі сақ патшайымының құрметіне жоба «Томирис» деп аталды.
Бұл жоба қызметінің басты бағыттары - саясат пен БАҚ, жергілікті басқару, саяси білім болатын неміс даму қоры - Конрад Аденаэурдің Қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
Жақында «Томирис» көшбасшы әйелдер бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлерді іріктеуді бастаймыз. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар!