СӘУЛЕ СЕРІКҚЫЗЫ БАҚТЫМБЕТ

СӘУЛЕ СЕРІКҚЫЗЫ БАҚТЫМБЕТ

Директордың міндетін атқарушы

1976 жылы туған. 1997 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz), 2001 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ (Narxoz) аспирантурасын, 2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ (Narxoz) докторантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент ғылыми дәрежесі және атағы бар. Білімі бойынша мамандықтары: экономист-маркетолог, құқықтану бакалавры. 2011 жылы Лейден (Нидерланды), Сорбонна (Франция) университеттерінде, Барселонадағы (Испания) Еуропалық экономика мектебінде тағылымдамадан өткен. Еңбек жолын 2002 жылдан бастаған. 2002-2003 жылдары Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ (Narxoz) «Халықаралық бизнес және валюталық-қаржылық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеген. 2003-2009 жылдары Алматы қаласындағы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Экономика» факультеті деканының орынбасары, «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті, э.ғ.к. болып жұмыс істеген. 2009-2011 жылдары Алматы қаласындағы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы, «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті, э.ғ.к. қызметін атқарған. 2011-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі» ЖММ Партиялық оқыту бөлімінің меңгерушісі. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы» ЖММ директорының орынбасары қызметін атқарады.