Әлия Тілекқызы Жанкарина

Әлия Тілекқызы Жанкарина

Оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі

1980 жылы туған. 2001 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжінде «Жоғары математика» пәнінің оқытушысы болып бастаған. 2004 жылы сол колледждің Техникалық бөлімінің меңгерушісі лауазымына ауыстырылды. 2008 жылы Павлодар облысы бойынша Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтына әдіскер болып қабылданған. 2009 - 2011 жж. аралығында «Павлодар облысының білім басқармасы» ММ Кәсіптік білім беру бөлімінің, одан кейін Лицензиялау, аттестаттау және инспекция бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан бастап Білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеп, кейін 2013 жылы «Павлодар облысының білім саласындағы бақылау департаменті» ММ-нің Әкімшілік және қаржы жұмысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. 2015 жылдан бастап «Кәсіпқор» КеАҚ Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері болып қызмет еткен. 2018 жылдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша Дүниежүзілік банк жобасының негізгі сарапшысы болған. 2021 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалы директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. 2022 жылдың қазан айынан бері «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы» ЖММ Оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етеді.