
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі мен Оқу-әдістемелік бөлімінің тренер-әдіскері бос жұмыс орындарына өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Академияның мақсаты – партия кадрларын оқыту мен кәсіби дамыту және қазақстандықтардың игілігі үшін білім беру жобаларын іске асыру.
Біз «AMANAT» партиясының мүшелерін және барлық қазақстандықтарды оқытуға және кәсіби дамытуға үлес қосқысы келетін, сондай-ақ қызықты білім беру жобаларын іске асыруға қатысқысы келетін, белсенді өмірлік ұстанымы бар қызметкерлерді іздейміз! Егер Сізде тренингтер, семинарлар, басқа да оқыту форматтарын өткізу тәжірибеңіз, сондай-ақ курстар әзірлеу тәжірибеңіз болса, онда бұл бос жұмыс орындары дәлге Сіздерге арналған!
Мүдделі үміткерлер түйіндемені хаттың тақырыбына «Бөлім меңгерушісі» немесе «Тренер-әдіскер» деп жазып, n.mukhatayeva@apm.amanatpartiasy.kz электронды поштасына жіберуі керек. Өтінімдерді қабылдау мерзімі - 18 тамызға дейін (қоса алғанда).
Іріктелген үміткерлер бейнеконференция арқылы сұхбаттасуға шақырылады.
Лауазымдарға қойылатын талаптар:
Оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі |
|
Негізгі міндеттері |
Оқу-әдістемелік бөлімге басшылық ету (3 адам), сырттан тартылатын тренерлер мен лекторлардың сапасын бақылау және үйлестіру, білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, оқыту сапасын қамтамасыз ету, лектор/тренер ретінде тренингтер мен семинарлар өткізу.
|
Білімі |
«Саясаттану, менеджмент, мемлекеттік басқару, қоғаммен байланыс, әлеуметтік ғылымдар, бизнес» мамандықтар тобы бойынша «магистр» дәрежесінің болуы. |
Практикалық жұмыс өтілі |
Жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл. Оқытушылық жұмыс тәжірибесі – кемінде 2 жыл. |
Кәсіби білімдер |
· ҚР заңнамасын, ҚР Конституциясын, «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңын, «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңын, партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын білу; · мемлекеттік тілді білу; · білім беру қызметінің ережелері мен рәсімдерін білу; · оқыту мәнін білу; · оффлайн/онлайн оқытуды ұйымдастыру мен өткізуді білу. |
Кәсіби дағдылар |
· оқытушылық шеберлік дағдылары; · білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу дағдылары; · ұйымдастыру және басқару дағдылары; · жүйелік және аналитикалық ойлау дағдылары; · қарым-қатынас және командалық қарым-қатынас дағдылары; · когнитивтік икемділік дағдылары, шығармашылық. |
Тренер-әдіскер |
|
Негізгі міндеттері |
Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, оқыту сапасын қамтамасыз ету, лектор ретінде тренингтер мен семинарлар өткізу. |
Білімі |
«Саясаттану, менеджмент, мемлекеттік басқару, жұртшылықпен байланыс, білім, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, бизнес» мамандықтар тобы бойынша «магистр» дәрежесінің болуы. |
Практикалық жұмыс өтілі |
Оқытушылық жұмыс тәжірибесі - кемінде 2 жыл. |
Кәсіби білімдер |
● ҚР заңнамасын, ҚР Конституциясын, «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңын, «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңын, партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын білу; ● оқыту мәнін білу; ● мемлекеттік тілді білу. |
Кәсіби дағдылар |
· оқытушылық шеберлік дағдылары; · білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу дағдылары; · ұйымдастырушылық дағдылар, деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; · сыни және аналитикалық ойлау дағдылары; · коммуникациялық өзара іс-қимыл және командада жұмыс істеу дағдылары; · креативті ойлау дағдылары. |