«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы келесі бағыттар бойынша лекторлар мен тренерлерге іріктеу жариялайды

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы келесі бағыттар бойынша лекторлар мен тренерлерге іріктеу жариялайды:

• ҚР сайлауындағы дауыс беру барысы туралы: талдау және практикалық тәжірибе;

• Сайлаудағы дауыс беру процесін мониторингілеу;

• Сайлаудағы халықаралық бақылау тәжірибесі;

• Сайлауды бақылау: процесі мен технологиясы;

• Әлеуметтік желілерде сайлауды өткізу барысын ақпараттық жариялау;

• Сайлау барысында байқаушылар мен сенім білдірілген адамдардың рөлі.

Іріктеуге бакалавр немесе маман дипломы, кемінде екі жыл оқыту іс-шараларын өткізу тәжірибесі бар және өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін құжаттардың толық пакетін ұсынған лекторлар мен тренерлер жіберіледі.

Қызығушылық танытқан лекторлар мен тренерлер өз өтінімдерін info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық пошта адресіне жібереді.

Өтінімде ұсынылатын құжаттардың тізімі:

1) Тренердің түйіндемесі/CV;

2) Бір ұсыныс хат (бар болса);

3) Еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы немесе басқа);

4) Бакалавр немесе маман академиялық дәрежесінің дипломы;

5) 15 МБ аспайтын оқу фрагментінің бейнежазбасына сілтеме (бар болса);

6) Әлеуметтік желілердегі аккаунттарына сілтеме (бар болса);

7) 1 (бір) сағаттық оқу бағасы көрсетілген коммерциялық ұсыныс.
Құжаттарды тапсыру мерзімі 21-23 қазан Астана қаласының уақытымен 18:30-ға дейін.
Іріктелген тренерлер мен лекторлар Академияның білім беру іс-шараларында оқыту қызметтерін көрсетуге тартылатын болады.

Email: info@apm.amanatpartiasy.kz

Байланыс телефоны: (7172) 707-630 Сайран Қабдолдақызы