
БОС ЛАУАЗЫМ ОРНЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ
БОС ЛАУАЗЫМ ОРНЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Оқу-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі бос лауазым орнына өтінім қабылдайды. «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Академияның мақсаты – партия кадрларын оқыту мен кәсіби дамыту, өзекті жобаларды іске асыру. Қызығушылық танытқан үміткерлер түйіндемені хаттың тақырыбына «Оқу-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі» деп жазып, info@apm.amanatpartiasy.kz электронды поштасына жіберуі керек. Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 3 ақпанға дейін (қоса алғанда). Іріктелген үміткерлер бейне-конференциялық байланыс арқылы сұхбаттасуға шақырылады.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ Негізгі міндеттері Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, оқыту сапасын қамтамасыз ету, тренингтерді, семинарлар мен басқа іс-шараларды өткізуге қатысу, сонымен қатар лектор ретінде де. Білімі «Педагогикалық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, өнер және гуманитарлық ғылымдар, бизнес, басқару және құқық, жаратылыс ғылымдары, математика және статистика, инженерлік-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, көрсетілетін қызметтер» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Ғылыми дәреженің немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы қошаметтеледі. Практикалық жұмыс өтілі Жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл, басшы лауазымдарында – кемінде 1 жыл. Оқытушылық қызмет тәжірибесі – кемінде 2 жыл.
Кәсіби білімі
- ҚР заңнамасын, оның ішінде ҚР Конституциясын, «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңын, «ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңын, Жарғы және партияның бағдарламалық құжаттарын білу;
- мемлекеттік тілді білу міндетті;
- білім беру қызметінің қағидалары мен рәсімдерін білу;
- оқыту пәнін білу;
- оффлайн – онлайн оқытуды ұйымдастыру және өткізуді білу.
Кәсіби дағдылары
- оқытушылық шеберлік дағдылары;
- білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу дағдылары;
- ұйымдастыру және басқару дағдылары, үлкен көлемді деректермен жұмыс істеу дағдылары;
- жүйелік және аналитикалық ойлау дағдылары;
- қарым-қатынас және командалық қарым-қатынас дағдылары;
- креативті ойлау дағдылары;
- жүйелік, сыни және аналитикалық ойлау дағдылары;
- коммуникация және командалық өзара іс-қимыл дағдылары;
- когнитивтік икемділік дағдылары, шығармашылық;
- талдамалық жазбаларды, баяндамаларды дайындау дағдылары.