
«АМАНАТ» партиясының Саяси менеджмент академиясы лекторлар мен тренерлерге конкурс жариялайды
«АМАНАТ» партиясының Саяси менеджмент академиясы келесі бағыттар бойынша лекторлар мен тренерлерге конкурс жариялайды:
САЯСИ КОММУНИКАЦИЯЛАР:
• Стратегиялық, саяси коммуникациялар. Жариялылықты басқару. Дағдарысқа қарсы PR.
• Көпшілік алдында сөйлеу. Шешендік өнер. Спичрайтинг.
• SMM-маркетинг. Әлеуметтік желілердің технологиялары. Таргетинг.
• Трендворчинг. Маркетинг.
Іріктеуге бакалавр дәрежесі немесе маман дипломы, оқыту іс-шараларын өткізуде кемінде екі жыл тәжірибесі бар және өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін толықтай құжаттарды өткізген лекторлар мен тренерлер жіберіледі. Қызығушылық танытқан лекторлар мен тренерлер өз өтінімдерін info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық пошта адресіне жібереді. Өтінімде ұсынылуы қажет құжаттардың тізімі:
1) тренердің түйіндемесі;
2) бір ұсыныс хат (бар болса);
3) жұмыс өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы немесе т.б.);
4) бакалавр немесе ғылыми дәрежесі бар маман дипломы;
5) оқыту фрагменті келтірілген бейнежазбаға сілтеме (бар болса), 15 МБ-тан аспауы тиіс;
6) әлеуметтік желілердегі аккаунттарына сілтеме (бар болса);
7) 1 (бір) сағаттық оқыту бағасы көрсетілген коммерциялық ұсыныс.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 26 ақпан күні, Астана қаласының уақытымен сағат 18:30-ға дейін. Іріктелген тренерлер мен лекторлар Академияның білім беру іс-шараларында оқыту қызметтерін көрсетуге тартылатын болады. Электрондық пошта: info@apm.amanatpartiasy.kz
Байланыс телефоны: 8 (701) 45-55-383, Әлия Тілекқызы Жанкарина