Оқытуды ұйымдастыру және жобалар бөлімінің консультанты лауазымына орналасуға конкурс (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне уақытша)

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Оқытуды ұйымдастыру және жобалар бөлімінің консультанты бос жұмыс орнына өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды. «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Академияның мақсаты – партия кадрларын оқыту мен кәсіби дамыту және қазақстандықтардың игілігі үшін білім беру жобаларын іске асыру. Біз «AMANAT» партиясының мүшелерін және барлық қазақстандықтарды оқытуға және кәсіби дамытуға үлес қосқысы келетін, сондай-ақ қызықты білім беру жобаларын іске асыруға қатысқысы келетін, белсенді өмірлік ұстанымы бар қызметкерлерді іздейміз! Мүдделі үміткерлер түйіндемені хаттың тақырыбына «Консультант» деп жазып, n.mukhatayeva@apm.amanatpartiasy.kz электронды поштасына жіберуі керек. Өтінімдерді қабылдау мерзімі - 16 қарашаға дейін (қоса алғанда).
Іріктелген үміткерлер бейнеконференция арқылы сұхбаттасуға шақырылады. Лауазымға қойылатын талаптар: Оқытуды ұйымдастыру және жобалар бөлімінің консультанты (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне уақытша) Негізгі міндеттері Бөлімнің негізгі міндеттері мен функцияларын сапалы және уақытылы орындау.
Жоспарларды, бағдарламаларды, кестелерді әзірлеуге қатысу. Семинарлар, тренингтер өткізуді ұйымдастыруға қатысу. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысу. Ақылы негізде семинарлар мен тренингтер өткізуге қатысу. Білімі - «білім, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, бизнес, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Практикалық жұмыс өтілі мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі – кемінде 2 жыл. Магистр дәрежесінің болуы:

  • бейінді магистратура 1 жылдық жұмыс өтіліне теңестіріледі;
  • ғылыми-педагогикалық магистратура 2 жылдық жұмыс өтіліне теңестіріледі.
  • Шетелдік жоғары оқу орны 2 жылдық жұмыс өтіліне теңестіріледі. Кәсіби білімдер ● ҚР заңнамасын, ҚР Конституциясын, «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңын, «ҚР сайлау туралы» конституциялық заңын, партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын білу; ● мемлекеттік тілді міндетті түрде білу; ● оқу іс-шараларын ұйымдастыру ережелерін білу; ● коммерциялық жобалардың жүргізілуін білу. Кәсіби дағдылар • ұйымдастырушылық дағдылар, көп деректермен жұмыс істей білу; • сыни және аналитикалық ойлау дағдылары; • коммуникациялық өзара іс-қимыл жасау және командада жұмыс істеу дағдылары; • креативті ойлау дағдылары.