Хабарландыру
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы келесі бағыттар бойынша дәріскерлер мен тренерлерді іріктеуге конкурс жариялайды:
• Психология және эмоциялық интеллект,
• Күйзелісті басқару (стресс-менеджмент),
• Күйзеліске төзімділік және әлеуметтік құзыреттілік технологиялары,
• Жанжалдарды және өзгерістерді басқару технологиялары,
• Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану.
Іріктеуге бакалавр немесе маман дипломы, кемінде екі жыл оқыту іс-шараларын өткізу тәжірибесі бар және өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін құжаттардың толық пакетін ұсынған дәріскерлер мен тренерлер жіберіледі.
Қызығушылық танытқан дәріскерлер мен тренерлердің өтініштері электрондық пошта арқылы қабылданады (info@apm.amanatpartiasy.kz), хаттың тақырыбын «Оқытушыларды іріктеу» деп көрсету қажет.
Ұсынылатын құжаттар тізімі:
1) Тренердің түйіндемесі/CV;
2) Еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы немесе басқасы);
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері: жоғары және /немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом және/немесе мәлімделген оқыту бейіні бойынша тренингтер/ коучинг/ курстар өткізу саласындағы қосымша білім туралы сертификат;
4) Оқыту фрагментінің бейнежазбасы, 15 МБ артық емес (бар болса);
5) Саяси және қоғам қайраткерлерінен (депутаттардан, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басшыларынан), үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдардан (бар болса) ұсыным хат;
6) Әлеуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (бар болса);
7) 1 (бір) оқу сағаты үшін бағасы көрсетілген коммерциялық ұсыныс.
Құжаттарды тапсыру мерзімі а.ж. 11 наурыздан 11 сәуірге дейін аралығында сағат 18:30-ға дейін.
Іріктелген тренерлер мен дәріскерлер Академияның білім беру іс-шараларында оқыту қызметтерін көрсетуге тартылады.
Email: info@apm.amanatpartiasy.kz Байланыс телефон: 8 (7172) 70-76-17, +77057999064 Аяжан Касымова