Сегодня стартовало обучение по программе «Школа молодого политика»

Бүгін «Жас саясаткер мектебі» бағдарламасы басталды.

Белсенді жастар мен көшбасшылар арасынан іріктелген 30, сондай-ақ «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 қатысушысы 5 күндік қарқынды оқу баүғдарламасына қатысу үшін елордаға келді.

«Біз Қазақстанның барлық өңірлері үміткерлерінің өтінімдерін қарап шықтық. Барлық қатысушы жасына қарамастан, көшбасшыға айналып үлгерген. Ең бастысы - барлығы патриот және бәрінің бойында елінің дамуына үлес қосуға деген құлшыныс пен ниет бар. Іріктеуден өткен 50 қатысушы өз мансабын дамыту мен Әділетті Қазақстанды құруға қажетті қабілет, білім мен құзыретті меңгеретіндеріне сенімдімін», - деді Конкурстық комиссия Төрағасы, «AMANAT» Саяси менеджмент академиясының директоры Данияр Мукитанов.

Оқу барысында білім алушылар Қазақстанның саяси құрылысы мен қазіргі реформалар жайында біліп, көшбасшылық, саяси коммуникация, көпшілік алдында сөйлеу, жобаларды басқару салаларындағы білімдерін арттырады.

Оқу бағдарламасының ашылу салтанатында «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек, «Жастар Рухы» ЖҚ Төрағасы Нұржан Жетпісбаев, «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институтының директорының орынбасары Динара Садвакасова қатысты.

Оқу бағдарламасы аясында белгілә саясаткерлермен кездесу жоспарланған. Сондай-ақ «AMANAT» партиясы фракциясының жаа депутаттырмен ҚР Парламенті Мәжілісінде кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Оқу нәтижесінде бағдарлама қатысушылары әрі қарай «Жастар Рухы» базасында жетілдірілетін жастар мәселесін шешуге арналған жаңа жобаларды дайындайды.

Оқуда сәттілік пен инновациялық жобаларды жасауды тың идея тілейміз!