«AMANAT» партиясының саяси менеджмент Академиясы ауыл мен ауылдық округтердің әкімдеріне дәріс бере бастайды
11-20 шілде аралығында «AMANAT» партиясының саяси менеджмент Академиясы «Табысты көбейтуді мақсат ететін халықтың экономикалық белсенділігін өсіру саласындағы басшының құзыреттілігін арттыру» тақырыбында ауыл мен ауылдық округтердің әкімдеріне дәріс бере бастайды.
Осы кезеңде Академия 14 өңірдегі 1817 адамға білім береді.
Оқу бағдарламасы әкімдерге ауылдардағы үй шаруашылығы кірістерін арттыруға және «2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі.
Біліктілікті арттыру курсына қатысушылар келесілерді меңгереді: ауылда скрининг және маркетингтік талдау жүргізу; ауыл экономикасын өркендететін перспективалық бағыттарды анықтау; ауыл маманданатын саланы анықтау; табысты болуға әлеуеті зор бизнес-жобаларды іске қосудың тәжірибелік дағдыларын меңгеру.
Бағдарлама басымдықтары: ▪️ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру; ▪️туризмдегі жұмыспен қамтуды арттыру және халық кірісін өсіру факторы ретінде кәсіпкерлік пайданы көбейтуге ынталандыру.
Бағдарлама төрт модульден тұрады, олармен келесі суреттер арқылы танысуға болады