«AMANAT» партиясы бақылаушылары мен сенімді өкілдеріне арналған оқытудың бірінші аптасы аяқталды

«AMANAT» партиясы бақылаушылары мен сенімді өкілдеріне арналған оқытудың бірінші аптасы аяқталды.

Осы уақыт аралығында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы елдің түкпір-түкпірінен келген 15 мыңнан аса бақылаушыны оқытты.

«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының штаттан тыс тренерлері Ақынбекова А.Т., Байбәкішева А.К. мен Бадеева З.М спикер болды.

Оқу барысында біліи алушылар сайлау кезіндегі бақылаушы рөлімен және құзыретімен, бақылаушы қойын дәптері мен жадынамасымен жұмыс істеу алгоритмімен танысты, сондай-ақ сайлау процесінің құқықтық аспектілеріне қатысты түсініктемелер берілді.

Одан бөлек, семинар қатысушылары сайлау процесін әлеуметтік желілерде көрсету бойынша тәжірибелік кеңестер алып, дауысты санау бойынша есеп жүргізу мен ереже бұзу туралы актілерді толтыру жұмыстарын жүргізу бойынша қабілеттерін шыңдады.

Сондай-ақ, сайлау күні бақылау жүргізу үшін 2023 жылдың 27 ақпаны мен 10 наурызы аралығында партияның сенімді өкілдері мен бір мандатты сайлау округтері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттығына кандидаттары білім алып жатыр. Бүгінгі таңда 6565 сенімді өкіл білім алып үлгерді. 10 наурызға дейін барлығы 16254 сенімді тұлғаны оқыту жоспарланып отыр.

Білім алған бақылаушылар 19 наурыз күні болатын ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының ашық өтуін қадағалайды.