«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент Академиясы ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне өткізген оқу бағдарламасы аяқталды

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент Академиясы ауыл, ауылдық округтердің әкімдері мен партияның өңірлік филиалдарының Атқарушы хатшыларына «Табысты көбейтуді мақсат ететін халықтың экономикалық белсенділігін өсіру саласындағы басшының құзыреттілігін арттыру» тақырыбында өткізген оқу бағдарламасы аяқталды.

2022 жылдың 11-20 шілдесі аралығында өткен оқуға Қазақстанның 14 аймағынан барлығы 2 135 адам қатысты.

Оқу ауыл әкімдеріне ауылдардағы үй шаруашылығының табысын арттыруға, «2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі.

Оқу бағдарламасы ңезінде қатысушылар маркетингтік анализ жасауды және ауыл экономикасын дамытудың перспективті бағыттарын анықтауды үйренді. Теориялық білімнен бөлек, оқудың тәжірибелік бөлігінде ауылдардағы табысты бизнес-жобаларды жобалаудың қабілеттерін шыңдауға көп көңіл бөлінді.

Оқу бағдарламасына қатысушылар жақын арада өз ауылдық округтерінде скрининг өткізіп, халық табысын арттыру жұмыстарын жалғастырады. Бұл жұмыс «Ауыл Аманаты» Жобалық кеңсесі аясында жүзеге асырылады.