Бүгін «AMANAT» партиясы сайлауалды Республикалық штабы базасында Астаналық бақылаушылар мен сенімді өкілдерге арналған семинарлар аяқталды

Бүгін «AMANAT» партиясы сайлауалды Республикалық штабы базасында Астаналық бақылаушылар мен сенімді өкілдерге арналған семинарлар аяқталды.

Семинарларда арнайы шақырылған эксперт, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досмахамбет Көшім спикер болды.

Семинарларда келесі тақырыптар талқыланды:

1️⃣ Сайлау кезінде бақылаушыларды нормативтік-құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету.

2️⃣ Сайлау кезіндегі бақылау процесі: бақылаушылардың жұмыс істеу алгоритмі, бақылаушы жадынамасымен жұмыс істеу нұсқаулары.

3️⃣ Тәжірибелік кейстерді шешу, ситуациялық тапсырмаларды орындау.

Семинар соңында партияның Коммуникациялар және саяси жұмыс жөніндегі хатшысы Дәулет Кәрібек қатысушылар алдында сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

Екікүндік семинарға Астана қаласының 171 бақылаушысы мен сенімді өкілі қатысты. Барлығы 27 ақпаннан 10 наурыз аралығында Саяси менеджмент академиясы 30354 бақылаушыны және сенімді өкілді дайындап шықты.

Оқу нәтижесінде «AMANAT» партиясының бақылаушылары және бір мандатты үміткерлердің сенімді өкілдері 2023 жылдың 19 наурызында өтетін сайлауда еліміздің барлық сайлау учаскелерінде сапалы бақылау жүргізуге дайын болады. Ал ол өз кезегінде сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етеді.