Бүгін астанада әйелдерге арналған форум өтті

Бүгін астанада «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен әйелдерге арналған форум өтті. Іс-шарада елдің түкпір-түкпірінен келген 800 қатысушы бас қосты.

Олардың арасында танымал саясат пен қоғам қайраткерлері, «Tomiris» жобасы қатысушылары, кәсіпкерлік, білім беру салалары өкілдері, көпбалалы аналар мен тағы басқалар бар.

Іс-шара барысында қазіргі заман қоғамындағы әйел рөлі, сонымен қатар олардың өзін жетілдіру мен елдің саяси өміріне араласуына көмектесуге бағытталған «AMANAT» партиясының бастамалары талқыланды.

Республикалық сайлауалды штабының басшысы және партия Төрағасы Ерлан Қошанов әйелдердің мемлекетті басқару мен қрғам өміріне қатысу аясын кеңейту керек екенін атап өтті.

🗣️«Партиямызға жаңа күш керек. Сіздердің партияға қажет екендеріңіз анық. Біз әр әйелдің еңбегі мен арманын сыйлаймыз, бастамаларыңызды қолдаймыз. Ортақ мақсаттарымызға иық тіресе жүріп, қол жеткізуге дайынбыз», - деді «AMANAT» партиясының Төрағасы.

Төрағаның партияның әйелдер қанатын құру және Орталық аппараттың басшылық құрамына тек әйелдер келе алатын қызметті қосу туралы хабарлағаны іс-шараның ең маңызды бөлігі болды.

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясына әйел хатшы лауазымын енгізу туралы тапсырма берді.

Әйелдерге арналған аймақтық форумдар нәтижесінде көптеген ұсыныстар келіп түсті. Олардың бәрі «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасына енгізілді.