Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа келді.

📌Президент ел басшысы ретіндегі қызметінің ең басты міндеті - Әділетті Қазақстанды құру екенін айтты.

📌Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру үшін өзара байланысты үш принципке негізделген жаңа мемлекеттік саясатқа көшу басталатынын атап өтті. «Президенттікке қайта сайлану мүмкіндігінсіз, яғни жеті жылға тек 1 рет сайлану қоғам мен мемлекеттің жаңаруына жаңа сапа мен серпін береді, монополизация мен билікті заңсыз басып алу мүмкіндіктеріне тосқауыл қояды. Сайлау жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер азаматтардың халықтық мәслихаттар мен Парламентті құруға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Қалалар мен аудандардың әкімдерін тікелей сайлау арқылы жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесі құрылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

📌Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасының тағы бір принципі әділетті қоғам екенін айтты. «Азаматтардың білімі, денсаулығы мен олардың әл-ауқаты үшін мемлекет жауапты. Біздің әлеуметтік бюджетіміз өсіп жатыр, триллиондаған теңге балабақшалар, мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт нысандарын салуға және жаңартуға, сондай-ақ атаулы көмекке жұмсалып жатыр. Көп цифрдың артында қарапайым халықтың өзекті мәселелері бар. Қолдауға мұқтаж әрбір азамат мемлекеттің қамқорлығын сезінуі керек», - деді Президент.

📌Бақылаушыларды үйлестіру орталығында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бақылаушылар штабы және сенімді өкілдер мен бақылаушыларды оқыту туралы ақпараттар берілді. 17 қазан күні ҚР Президенті сайлауына «AMANAT» партиясының бақылаушылары мен сенімді өкілдерін оқыту аяқталды. «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының директоры Данияр Мукитанов Үміткердің 30 мың сенімді өкілі тіркеліп, оның 20 мыңы 20 қараша күні барлық сайлау учаскелерінде бақылаушы болып қызмет атқару үшін даярланғанын айтты.

📌Сайлауалды науқан туралы толық ақпарат ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың әлеуметтік желілердегі парақшаларында.

Instagram: https://instagram.com/toqaev2022?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Telegram-канал: t.me/toqaev2022