«Әйелдің ел дамуындағы рөлі» Форумдары Қарағанды, Түркістан, Шымкент қалаларында өтті

«AMANAT» Саяси менеджмент академиясының «Әйелдің ел дамуындағы рөлі» Форумдары Қарағанды, Түркістан және Шымкент қалаларында өтті.

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитет мүшесі Жұлдыз Сүлейменова сөз сөйледі: «Үй шаруасындағы әйелдер мемлекеттен өмір сүруге қажетті қаржыны емес, жұмыс сұрауды үйренуі керек. Ол өз балдарына жақсы өмір сыйлау үшін күн сайын жұмыс істеулері қажет. Қазір асыраушысынан айырылған әйелдерді бөлек категория ретінде қарастыруды бастадық. Болашақта олардың мәселелерін заңды тұрғыда шешеміз. Жақында мемлекет күйеуінсіз қалған әйелдерге қолдау көрсету үшін 9 миллиард теңге бөлінді. Олар аз пайызбен несие ала алады. Бұл - «AMANAT» партиясының атқарып жатқан жұмысының кішкентай бір бөлігі ғана».

Форум басында сөз сөйлеген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары барлық қатысушыларға сәттілік тіледі: «Бүгінгі форум ел дамуындағы әйел рөліне арналған бірегей іс-шара. «AMANAT» партиясы әрдайым әйелдерге қолдау көрсетеді. Түркістан облысында 1 млн 28 мың 323 әйел адам өмір сүреді, ал ол аймақтың халық санының 49,3%-ы. Елдегі әр бесінші баланың Түркістан облысында туылытаны белгілі. Ал біздің партиямызда шамамен 80 мың мүше бар, оның 66%-ы - әйелдер. Бұл - жақсы прогресс. Түркістан облысының 320 депутатының 75-і, облыстық мәслихаттың 45 депутатының 9-ы - әйел адам. Бұл - жақсы нәтиже».

Қарағанды облысындағы форумды «AMANAT» партиясының Қарағанды облысытық филиалының атқарушы хатшысы Бекзат Алтынбеков ашты.

Форум қатысушыларына халық өмірінің сапасыр арттыруға бағытталған бағдарламалар туралы айтылып, шеберлік сағаттары өткізілді. Сондай-ақ әлеуметтік-демографиялық прогресті қамтамасыз етудегі әйелдердің жаңа рөлі талқыланды. Экономикалық дамудың тың модельдеріне ауысу, денсаулық сақтау мен білім беру салаларының өркендеуіне, әйелдердің қаржылық сауаттылығы мен өз бағасын арттыруына, тұлға ретінде өсуіне әсер ететін баяндамалар дайындалды. Іс-шараға ауылдық аймақтардың әйелдері, үй шаруасындағы, өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген нәзік жандылар, көпбалалы аналар, бюджеттік сала қызметкерлері, кәсіпкерлер, депутаттар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Барлық басты жаңалықтарды парақшамызда жариялаймыз! Назарыңыз бізде болсын!