Көкшетау және Павлодар қалаларында «Әйелдің ел дамуындағы рөлі» облыстық форумдары өтті

Бүгін Көкшетау және Павлодар қалаларында «AMANAT» Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен «Әйелдің ел дамуындағы рөлі» облыстық форумдары өтті.

Форумдардың мақсаты – қазіргі замандағы әйел рөлін талқылау және жүйелі мәселелерді шешудің ортақ жолын табу. Форумның басты дискуссиялары әлеуметтік-демографиялық өсімді қамтамасыз етудегі, экономикалық дамудың тың модельдеріне ауысудағы, денсаулық сақтау мен білім беру салаларының өркендеуіндегі, әйелдер арасындағы қаржылық сауаттылық пен өз бағасын арттырудағы, тұлға ретінде өсудегі әйелдің жаңа рөлін талқылауға арналады. Қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер, басшылар, кәсіпкерлер, сондай-ақ көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» бағдарламасының қатысушылары Форум спикерлері болды.

Форумдарда келесі тақырыптар қозғалды:

✅ Ауылдық аймақтардың даму тенденциялары. Инфрақұрылым мен әйелдерге арналған жағдай.

✅ Әйел миссиясы - бүгінгі және болашақ дені сау ұрпақ.

✅ Әйелдер көшбасшылығын дамыту.

✅ Қаржылық сауаттылық - отбасы бюджетін жоспарлаудың негізі.

✅ Бала тәрбиесі отбасыдан басталады.

📌Форумдардың соңында Ақмола және Павлодар облыстары аудандарынан келген қатысушылар нәзік жандылардың өзекті мәселелерін шешу мен олардың мүдделерін қорғау мақсатында «AMANAT» партиясының жанынан Әйелдер қанатын ашуды ұсынды. Іс-шараларға барлығы 400 әйел қатысты.

Барлық басты жаңалықтарды парақшамызда жариялаймыз! Назарыңыз бізде болсын!