Табысты көбейтуді мақсат ететін халықтың экономикалық белсенділігін өсіру саласындағы басшының құзыреттілігін арттыру
20 шілде күні «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауыл мен ауылдық округтердің әкімдеріне арналған «Табысты көбейтуді мақсат ететін халықтың экономикалық белсенділігін өсіру саласындағы басшының құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы тренингті аяқтады.
Бірақ мұнымен жұмыс тоқтаған жоқ. «2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 28 шілде күні «Ауыл Аманаты» жобасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстары жүргізілетін 40 күндік ақпараттық марафон басталды. Марафон аясында мобильдік топтар елдің барлық аймағындағы халықпен кездесу өткізеді.
Марафонның мақсаты - халық табысын арттыруға бағытталған жеңілдетілген несие беру, лизинг пен өзге де құралдардың жаңа мүмкіндіктері туралы ауыл тұрғындарына ақпарат беру.
Жобалық кеңсе басшысының орынбасары, партия Хатшысы Э.Жұмағазиевтің өзі арнайы барған Маңғыстау облысынан жоба өз бастауын алды. Сонымен қатар Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында кездесулер өтті. Қазіргі таңда ақпараттық кампания Ақмола облысында өткізіліп жатыр.
40 күн ішінде мобильдік топтар 394 ауылда, 179 ауданда, 17 облыста болады, ал марафонға Қазақстан бойынша 250 000 адам қатысады.
Нағыз қызу жұмыс енді басталмақ! Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз!